weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Қазақстан қарасорадан қағаз шығармақ

Елімізде қарасораны өндірістік бағытта пайдалану көзделіп отыр. Бұл бастама аясында қазіргі таңда әлеуетті инвестор жобаны зерттеп, өндіріс орнын орналастыру үшін жер телімін қарастыруда. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров мәлімдеді.

Қазақстан қарасорадан қағаз шығармақ
Фото: baribar.kz

— Әзірге нақты өндіріс іске қосылған жоқ. Қарасораның қай бағытта өңделетіні өндіріс технологиясына байланысты болады. Жалпы, одан алынатын өнім түрі өте көп: қағаздан бастап майға дейін шығаруға болады. Алайда елімізде тек техникалық қарасораны өсіруге рұқсат етілгенін ескеру қажет. Яғни құрамында есірткілік зат болмайды. Сондықтан бұл шикізаттан негізінен жоғары деңгейде қорғалған қағаз жасау қарастырылып отыр, — деді Үкімет отырысынан кейін өткен брифингте Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов.

Министрдің айтуынша, қарасорадан өндірілетін қағаз жеке куәлік, төлқұжат және банк құжаттары сияқты маңызды ресми қағаздарға арналған, әрі экспортқа бағытталмақ.

— Инвестор қазіргі таңда жобаны мұқият зерттеуде. Өндіріс бағыты нарықтағы сұранысқа қарай анықталады. Болжам бойынша, дайын өнім түгелдей дерлік шетелге шығарылады, — деді министр.

Сонымен қатар вице-министр бұл өндірісті Солтүстік Қазақстан облысында орналастыру мүмкіндігі қарастырылып жатқанын айтты.

Айта кетейік, биыл сәуір айында Мәжіліс қарасораны өндірістік мақсатта пайдалануға мүмкіндік беретін заң жобасын мақұлдаған болатын.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→