weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Ең дәмді қымыз Абай облысында: BAIQYMYZ гастрофестивалі үздіктерді анықтады

Астанада ұлттық тағамдарды ұлықтауға арналған BAIQYMYZ гастрофестивалі ел көлеміндегі ең ауқымды гастрономиялық шаралардың біріне айналды. Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген тағам өндірушілер өз өнімдерін ұсынды. Дәм мен сапа сынға түскен додада үздіктер анықталды.

Ең дәмді қымыз Абай облысында: BAIQYMYZ гастрофестивалі үздіктерді анықтады

Бас жүлдені Абай облысы, Абай ауданы, Саржал ауылынан келген «Жаныс» шаруа қожалығы жеңіп алып, 20 миллион теңге көлемінде ақшалай сыйлыққа ие болды.

Екінші орынды Қарағанды облысы, Қарқаралы өңірінің «Қарыншы» шаруа қожалығы иеленіп, 15 миллион теңге алды.

Үшінші орын Ақмола облысы, Бурабай ауданындағы «Қымызынай» өніміне бұйырды. Жүлдесі – 10 миллион теңге.

Фестиваль аясында ұлттық тағамдардың дәмі мен табиғи ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапасына ерекше көңіл бөлінді. Ұйымдастырушылар жеңімпаздарды шын жүректен құттықтап, қазақ гастрономиясын дәріптеуге қосқан үлесі үшін алғыс білдірді.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→