weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

ҚазҰУ ғалымдары фермерлерге арналған ерекше кептіргіш қондырғы ойлап тапты

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғалымдары ауылшаруашылық өнімдерін табиғи күйінде ұзақ уақыт сақтауға мүмкіндік беретін «Dayar 20» атты мобильді лиофилизациялық құрылғыны жасап шығарды. Бұл аппараттың ерекшелігі — оны егіс алқабына, бақшаға немесе шалғай фермаларға апарып, өнімді сол жерде кептіруге болады.

ҚазҰУ ғалымдары фермерлерге арналған ерекше кептіргіш қондырғы ойлап тапты
Фотолар: ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі

Жоба жетекшісі Ербол Ихсановтың айтуынша, құрылғы көкөніс, жеміс, ет, сүт, балық және дайын тағамдарды мұздатылған күйінде кептіріп, дәрумені мен дәмін жоғалтпай сақтайды. Арнайы оралса, кептірілген өнім 10 жылдан аса уақыт жарамды бола алады.

«Dayar 20» – агросалада жаңа мүмкіндіктерге жол ашатын отандық технология.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→