weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Трамп жаңа кедендік тарифтер туралы жарлыққа қол қойды: Қазақстан да тізімде

АҚШ президенті Дональд Трамп жаңа импорттық баж салығын енгізу туралы жарлыққа қол қойды. Бұл шектеулер 69 ел мен аумаққа, соның ішінде Еуроодаққа да қатысты. Тізімге Қазақстан да енген.

Трамп жаңа кедендік тарифтер туралы жарлыққа қол қойды: Қазақстан да тізімде
Фото; Ақ үй

Жарлықта бұл тарифтер «нақтыланған қарсы шаралар» деп аталады. Тариф мөлшері 10%-дан 41%-ға дейін. Сирияға 41%, Лаос пен Мьянмаға – 40%, ал ең төменгі мөлшерлеме – 10% – Ұлыбритания мен Фолкленд аралдарына белгіленген.

Мәселен, Канада үшін бұл талаптар бірден күшіне енсе, басқа елдер үшін жеті күннен кейін қолданыла бастайды.

Айта кетейік, 2 сәуірде Ақ үй басшысы сауда серіктестеріне қарсы кең көлемдегі кедендік баж енгізетінін мәлімдеген болатын. Сол жолы Қазақстанға 27% мөлшерлеме белгіленді.

Ал шілде айының басында Трамп президент Тоқаевқа арнайы хат жолдап, 1 тамыздан бастап Қазақстанға қарсы 25%-дық тариф күшіне енетінін хабарлаған.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→