weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Қазақстан футбол құрамасының бас бапкері Али Алиев отставкаға кетпек

Қазақстан футбол құрамасының бас бапкері Али Алиев қызметінен кететінін жариялады.

Қазақстан футбол құрамасының бас бапкері Али Алиев отставкаға кетпек
Фото: kff.kz

Әлем чемпионаты-2026 іріктеу кезеңінде Қазақстан құрамасы сырт алаңда Бельгиядан 0:6 есебімен ойсырай ұтылды. Бұл – Алиевтің басшылығындағы ең ірі жеңіліс әрі қатарынан төртінші сәтсіздік.

«Қысқа ғана айтайын. Жеңілістің бар жауапкершілігін өз мойныма аламын. Бұл – менің кінәм. Футболшылардың еш кінәсі жоқ. Елге оралған соң бірден отставкаға арыз жазып, федерация президенті мен басшылыққа жеткіземін», – деді Алиев матчтан кейінгі баспасөз мәслихатында.

Қазіргі кезде Қазақстан құрамасы бес ойыннан кейін үш ұпай жинап, J тобында төртінші орында тұр. Команда әлем чемпионатына тікелей жолдама алу мүмкіндігін жоғалтқанымен, теориялық тұрғыдан екінші орынға таласып, плей-оффқа шығу мүмкіндігі бар.

44 жастағы Алиев биыл қаңтарда Станислав Черчесов қызметінен кеткеннен кейін уақытша бас бапкер болып тағайындалған еді. Мамыр айында ол ресми түрде құрамаға жетекші болды. Оның басшылығымен ұлттық команда (соның ішінде жолдастық кездесулерді қоса есептегенде) екі рет жеңіске жетіп, алты ойында ұтылды.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→