weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
12 қыркүйек, 2025 / Перизат Ілес / Аймақтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Дархан Сатыбалды Мемлекет басшысының Жолдауындағы қала дамуының басым бағыттарын атап өтті

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды қаланың активімен кездесіп, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа Жолдауында айтылған міндеттердің орындалу барысын талқылады,- деп хабарлайды newsroom.kz

Дархан Сатыбалды Мемлекет басшысының Жолдауындағы қала дамуының басым бағыттарын атап өтті

Кездесуге қала әкімдігі мен аумақтық органдардың өкілдері, сарапшылар, мәслихат депутаттары, Қоғамдық кеңестің және Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, шығармашылық қауым және үкіметтік емес ұйымдар қатысты.

«Алматы – еліміздің ең ірі мегаполисі, ғылым мен білімнің орталығы. Сондықтан Президентіміздің стратегиялық міндеттерін жүзеге асыруда, әсіресе цифрлық трансформация мен жасанды интеллектті енгізуде қаламыздың рөлі айрықша», – деді Алматы әкімі.


Оның айтуынша, бүгінде еліміздегі IT-қызмет нарығының 53 пайызы Алматының үлесінде. Оның көлемі – 4 трлн теңге. Қалада Alatau Creative HUB, Farabi Hub және еліміздегі алғашқы Almaty Digital Medical Center – цифрлық медицина орталығы жұмыс істейді.

Әкімнің сөзінше, басты міндеттердің бірі – инвестиция көлемін арттыру. 2030 жылға дейін Алматыда жалпы құны 3,6 трлн теңгеден асатын 190 жоба жүзеге асырылады, – деді қала әкімі.

Туризмді дамытуға да ерекше көңіл бөлініп отыр. Негізгі жоба – Алматының тау кластері. Ол 2029 жылға қарай Орталық Азиядағы ең ірі жыл бойы жұмыс істейтін туристік орталыққа айналады. Нәтижесінде жыл сайын шамамен 1 млн шетелдік турист келіп, қала экономикасына 300 млрд теңгеден астам кіріс кіргізеді.

Жолдаудағы маңызды бағыттардың бірі – экология. Бұл – бірыңғай экологиялық стандарттарды енгізу, су ресурстарын үнемдеу және оларды басқаруға арналған цифрлық платформа құру. Сонымен бірге, «Таза Қазақстан» бағдарламасы ұлттық басымдық ретінде белгіленді.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→