weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
18 қыркүйек, 2025 / Жанар Ғарифоллақызы / Қылмыс
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Маңғыстауда екі бірдей әкім орынбасары есірткімен ұсталды

Маңғыстау облысында полиция қызметкерлері өңірлік әкімдіктің қолдауымен Мұнайлы ауданының үш тұрғынын есірткі қылмысына күдікпен ұстады. Олардың қатарында аудан әкімінің орынбасары және Атамекен ауылдық округі әкімінің орынбасары бар.

Маңғыстауда екі бірдей әкім орынбасары есірткімен ұсталды
Фото: ашық дереккөз

Облыс әкімдігінің мәліметінше, аудан әкімінің орынбасары уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қалған күдіктілерге қатысты бұлтартпау шарасын таңдау мәселесі қарастырылып жатыр.

– Тәркіленген заттар сараптамаға жіберілді, тергеу амалдары жүргізілуде, – деді әкімдіктегілер.

Сондай-ақ олар өңірде мемлекеттік қызметкерлер арасындағы жемқорлық пен заңсыз әрекеттерге мүлде төзбеушілік саясаты жүргізіліп отырғанын атап өтті.

– Заңды бұзған тұлғаларға қолданыстағы заңнамаға сәйкес ең қатаң шаралар қолданылады. Мемлекеттік қызмет қатарын адал емес қызметкерлерден тазарту – әкімдіктің басты міндеттерінің бірі, – делінген хабарламада.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→