weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

1 млн адам жұмыссыз қала ма? — ЖИ маманнан да асып түседі

Қазақстанда жұмыс орындарының болашағына қатысты алаңдаушылық артып отыр. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, 2,2 млн жұмыс орны автоматтандыру ықпалына түсуі мүмкін, ал соның ішінде 1 миллионын генеративті жасанды интеллект алмастыра алады.

1 млн адам жұмыссыз қала ма? — ЖИ маманнан да асып түседі
Ыото: пшық дерекөз

Қай салаларға соққы болуы мүмкін?

Зерттеу барысында 423 мамандық тобы қаралған. Негізгі қауіп — Алматы, Астана және Шымкентке тиесілі. Бұл қалаларда жұмыс орындарының үштен бірі ЖИ-дің қысымына түсуі ықтимал.

«Жаппай қысқарту болмайды»

Вице-министр Олжас Анафиннің айтуынша, Қазақстандағы еңбек күші әлі де арзан болғандықтан, компаниялар роботтандыруға бірден көшпейді. Автоматтандыру біртіндеп енгізіледі, тек экономикалық тұрғыда шынымен тиімді болғанда ғана жеделдейді.

«ЖИ ең алдымен қайталанатын, стандартты жұмысты ығыстырады. Дегенмен бұл қысқа уақыт ішінде кадрларды толық алмастырады деген сөз емес. Бірақ еңбек нарығының құрылымын өзгертуі анық», – дейді сарапшылар.

Негізгі сын-қатер — бейімделу

Маман пікірінше, басты мәселе жаппай қысқарту емес, қызметкерлерді жаңа дағдыларға үйрету және қайта оқыту болмақ.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→