weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

«Ол менің ұлым»: Депутат Қырықбаев “тоқал” туралы қауесетке пікір білдірді

Мәжіліс депутаты Темір Қырықбаев Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Нұрайым Шақимергенмен арақатынасы мен одан ұлы бар деген қауесетке қатысты алғаш рет пікір білдірді.

«Ол менің ұлым»: Депутат Қырықбаев “тоқал” туралы қауесетке пікір білдірді
Фото: Нұрайым Шақимерген инстаграм парақшасынан скриншот

Қырықбаевтың айтуынша, бұл жөніндегі әңгімелерді ол бұрыннан естіп жүрген. Депутат мұны өзінің беделін түсіруге бағытталған әрекет деп санайды.

«Тіпті “депутаттық кресломды сыйға тартты” деген де алып-қашпа әңгіме тарады. Бұл — ақылға қонбайтын сөз. Ол халықтың дауысымен сайланған адам. Өңірлік сайлау комиссиясы бар, барғысы келген солардан сұрап көрсін. Мен оған “депутат бол” деп үгіттеген емеспін. Тек депутат болған соң таныстық», — деді Темір Қырықбаев Мәжіліс кулуарында.

Ал Нұрайым Шақимерген “Қырықбаевтың тоқалы” деген сыбысқа нақты жауап беруден бас тартты. Айтуынша, бұл — оның жеке өміріне қатысты мәселе.

«Ол тоқал ма, әлде басқа ма — бұл менің жеке өміріме қатысты сұрақ. Отбасылық құндылықтарды сақтау үшін бұдан артық ештеңе айтпаймын. Ал балаға келсек, иә, ол менің ұлым. Өз тегімді бердім. Алланың да, адамдардың да алдында оны жасырған емеспін», — деді депутат.

Айта кетейік, бұған дейін Нұрайым Шақимерген әлеуметтік желіде Темір Қырықбаев және кішкентай баламен түскен бірнеше суретін жариялаған болатын.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→