weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Қарсы жолаққа шығып кеткен: Алматыда жол апатынан 4 адам қаза тапты

5 желтоқсанда Алматы – Көктал – Көктеп – Шонжы бағытындағы автожолдың 80-шақырымында ауыр жол апаты болды. Қайғылы оқиға салдарынан төрт адам көз жұмды, деп хабарлайды newsroom.kz.

Қарсы жолаққа шығып кеткен: Алматыда жол апатынан 4 адам қаза тапты
Фото: ашық дереккөз

Алматы облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, Audi A6 көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, қарсы бағытқа шығып кеткен. Осы сәтте ол қарсы келе жатқан Nissan Cefiro автокөлігімен соқтығысқан.

Соққының күшінен екі көліктің жүргізушілері мен екі жолаушы оқиға орнында қаза тапты. Тағы үш жолаушы түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.

Қазір жол-көлік оқиғасының себептері мен мән-жайын анықтау үшін сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Оқиға облыстық ПД басшылығының бақылауында.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→