weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Өлімнен кейінгі донорлықта тосын өсім тіркелді

Биыл қайтыс болған донорлардан жасалған трансплантация 2,6 есеге артты

Өлімнен кейінгі донорлықта тосын өсім тіркелді
Фото: ашық дереккөз

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова төрағалық еткен аппараттық кеңесте Республикалық трансплантацияны үйлестіру орталығы елдегі ағза донорлығындағы оң өзгерістер туралы есеп ұсынды, деп хабарлайды newsroom.kz.

Орталықтың басшысы Айдар Сейітқазиновтың айтуынша, биыл алғашқы 10 ай ішінде қайтыс болған донорлардан жасалған трансплантация саны былтырмен салыстырғанда 2,6 есеге көбейген, ал осындай донорлардың өзі 6-дан 16-ға дейін, яғни екі еседен аса артқан.
Сонымен қатар eGov.kz порталында ағза донорлығына ерікті келісім білдірген азаматтар үлесі 27% өсіп, келісім көрсеткіші 63%-ға жеткен.

2024 жылға қарағанда қайтыс болған донорлардан жасалатын операциялар көлемі екі есеге ұлғайса, тірі донорлардан жасалған трансплантация саны 2,5% артты.

Бұл өсімге трансплантация инфрақұрылымының кеңеюі себеп болды. Былтыр 7 орталық жұмыс істесе, қазір олардың саны 11-ге жетті.

Қазіргі таңда 4521 Қазақстан азаматы ағза ауыстыруды күтіп отыр. Күту парағындағы науқастардың өлім-жітім көрсеткіші 4,6%-ға төмендеген.

Донорлық белсенділік ең жоғары тіркелген өңірлер:
Алматы мен Астана қалалары, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Алматы, Жамбыл және Батыс Қазақстан облыстары.

Айта кетейік, жуырда Алматыда қайтыс болған донор бірден төрт адамның өмірін аман сақтап қалған еді.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→