weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
14 желтоқсан, 2025 / Арайна Арайқызы / Әлем
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

«Тоғыз адам қайтыс болды»: Австралия жағажайында атыс тіркелді

Австралияның Сидней қаласында Бонди-Бич жағажайында қарулы шабуыл жасалды.

«Тоғыз адам қайтыс болды»: Австралия жағажайында атыс тіркелді

Оқиға салдарынан қаза тапқандар мен жараланғандар бар. БАҚ дерегінше, атыс кезінде жағажай аумағында еврейлердің Ханука мерекесіне арналған шара өтіп жатқан. Іс-шараға жергілікті еврей қауымдастығының өкілдері қатысқан.

Полиция мәліметінше, қаза болғандар саны көп. BBC Жаңа Оңтүстік Уэльс штаты полициясына сілтеме жасап, кемінде 9 адамның көз жұмғанын, тағы кемінде 12 адамның жарақат алғанын жазады. Шабуыл жасағандардың бірі оқиға орнында мерт болған, екіншісі ұсталғаны хабарланды.

Куәгерлердің айтуынша, қара киінген екі адам жағажай маңындағы тұрақта тұрып, жиналған жұртқа қарай оқ жаудырған. Атыс шамамен 10 минутқа созылған.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→