weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Air Astana ұшағы дәретханалардағы ақауға байланысты Фукуоктан қайта оралды

Air Astana әуе компаниясының Фукуок – Алматы бағыты бойынша ұшқан КС 162 рейсі барлық дәретханалардың істен шығуына байланысты ұшып шыққан әуежайға қайта қонды, деп хабарлайды newsroom.kz порталы  компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Air Astana ұшағы дәретханалардағы ақауға байланысты Фукуоктан қайта оралды
Фото: air.astana

«26 желтоқсанда Фукуок – Алматы бағытымен орындалған Air Astana әуе компаниясының КС 162 рейсі техникалық себеппен (ұшақтағы барлық дәретханалардың істен шығуы) ұшып шыққан әуежайға кері қайтты. Әуе кемесі жергілікті уақытпен сағат 10:04-те ұшып шығып, 14:14-те аман-есен қонды», – делінген жұма күнгі хабарламада.

Әуе компаниясының мәліметінше, қазіргі уақытта ақауды жою жұмыстары жүргізіліп жатыр.

«Рейстің ұшуы 27 желтоқсанға, жергілікті уақыт бойынша 04:00-ге қалдырылды. Жолаушыларға ыстық тағам мен сусындар ұсынылды. Сондай-ақ компания трансфер мен қонақүйге орналастыру мәселелерімен айналысып жатыр», – деп хабарлады Air Astana.

Компания өкілдері рейстің кешігуіне байланысты жолаушылардан келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрады.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→