18 қаңтар күні кешке жеке тұрғын үйде 5 жасар қыз бала жалғыз қалған. Алдын ала мәліметке сәйкес, ата-анасы қонаққа кеткен. Сол аралықта үйден өрт шыққан.
Құтқарушылар оқиға орнына жеткенде, баспана толығымен отқа оранып, шатыр құлағаны анықталды. Өртті сөндіру барысында баланың мәйіті табылды. Қыз баланың сыртқа шығып үлгермегені белгілі болды.
Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт пешті дұрыс пайдаланбау салдарынан шығуы мүмкін.