Оның сөзінше, бұл турнирде кездейсоқ команда болмайды, әр клуб жеңіске жетуге дағдыланған. Артета «Қайраттың» ішкі біріншіліктегі жағдайы мен ойын стилі де ерекше екенін атап өтті.
Бапкер алматылық команданың «Реал Мадрид» пен «Интерге» қарсы өткен матчтарын көргенін айтып, сол ойындарда «Қайраттың» Еуропа алпауыттарына айтарлықтай қиындық тудырғанын жеткізді.
«Ертең де соған ұқсас ойын күтеміз. Біз ең жоғары деңгейде ойнауымыз керек, себебі бұл матчта да жеңіске жетуді көздеп отырмыз», — деді Артета Kazinform агенттігіне берген сұхбатында.
Сонымен қатар ол «Арсенал» маусымның шешуші кезеңінде барлық турнирлерде бар мүмкіндігін пайдалануға дайын екенін атап өтті.
Кездесу 28 қаңтардан 29-на қараған түні сағат 1:00–де Англия астанасы Лондон қаласындағы «Эмирейтс» стадионында басталады.