Жоба толық өндірістік циклді қамтиды: дронның корпусы, электронды бөлшектері мен бағдарламалық қамтамасыз етуі тікелей Аршалы кентіндегі мекемеде жасалады.
Қазір ел бойынша 78 қылмыстық-атқару мекемесінде өндірістік әрі білім беру бағдарламалары жұмыс істейді. Онда сотталғандар тігін цехтарында, жиһаз фабрикаларында, агрокешендерде және құрылыс материалдарын өндіру саласында еңбек етеді.
Сотталғандар жалақы алады. Оның бір бөлігі сот шешімдері бойынша берешектерді өтеуге, қалғаны жеке қажеттіліктеріне жұмсалады.