weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Талдықорғанда мас әке үш жасар қызын аяусыз соққыға жықты

Талдықорған қаласында үш жасар қыз бала ауыр хәлде ауруханаға жеткізілді. Бала облыстық балалар ауруханасының жансақтау және қарқынды терапия бөліміне жатқызылған.

Талдықорғанда мас әке үш жасар қызын аяусыз соққыға жықты

Дәрігерлердің мәліметінше, кішкентай науқас 2 ақпан күні кешке қабылдау бөліміне түскен. Хирург, травматолог және реаниматолог тексерісінен кейін оның жағдайы ауыр деп бағаланып, бірден жансақтау бөліміне ауыстырылған. Қазіргі таңда баланың жағдайы әлі де ауыр күйде қалып отыр.

Алдын ала анықталғандай, қызды өз әкесі соққыға жыққан. Ер адамның мас күйде болғаны белгілі болды. Оқиғаның өзге мән-жайлары анықталып жатыр.

Айта кетейік, бұған дейін Таразда анасы баласын ұрып, бәрін видеоға түсірген болатын.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→