Еуропалық футбол қауымдастықтары одағы (УЕФА) 51-ші Конгрестің 2027 жылғы 4 наурызда Астанада өтетінін ресми түрде хабарлады. Шешім Бельгия астанасы Брюссельде өткен 50-ші мерейтойлық Конгресте жария етілді. Жиынға Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы Давид Лория да қатысты.
УЕФА Конгресі — еуропалық футболды басқарудағы ең жоғарғы орган. Оған жыл сайын 55 ұлттық футбол қауымдастығының өкілдері қатысады.
Астанада өтетін 51-ші Конгресс сайлау форматында ұйымдастырылады. Делегаттар УЕФА президентін және Атқару комитетінің мүшелерін сайлайды. Осылайша, еуропалық футболдың алдағы жылдардағы даму бағыты Қазақстанда айқындалмақ.