weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Мұнай нарығы дүрлікті: Таяу Шығыстағы шиеленіс бағаны 100 долларға дейін жеткізуі мүмкін

Таяу Шығыстағы әскери қақтығыс әлемдік мұнай нарығын тағы да шайқалтты. Сарапшылардың айтуынша, қара алтын құны қысқа мерзім ішінде шамамен 10 пайызға өсіп, баррелі 80 доллар деңгейіне жеткен. Егер өңірдегі жағдай одан әрі ушыға түссе, баға 100 долларға дейін көтерілуі ықтимал.

Мұнай нарығы дүрлікті: Таяу Шығыстағы шиеленіс бағаны 100 долларға дейін жеткізуі мүмкін

Reuters агенттігінің мәліметінше, бағаның күрт қымбаттауына Иран төңірегіндегі әскери әрекеттер мен мұнай тасымалына төнген қауіп әсер еткен. Әсіресе әлемдік мұнайдың шамамен 20 пайызы өтетін Ормуз бұғазы арқылы жеткізілімнің бұзылу қаупі нарықтағы ахуалды күрделендіріп отыр. Сарапшылар бұл бағыт толық жабылған жағдайда әлемдік мұнай жеткізілімі тәулігіне миллиондаған баррельге қысқаруы мүмкін екенін ескертеді.

Қалыптасқан жағдайға байланысты бірқатар мемлекеттер стратегиялық мұнай қорын қайта есептеп, балама логистикалық бағыттарды қарастыруда. Ал OPEC+ елдері өндірісті аздап арттыру жөнінде келісімге келгенімен, сарапшылар бұл шешім нарықты толық тұрақтандыруға жеткіліксіз болуы ықтимал екенін айтады.

Сарапшылардың пікірінше, алдағы апталар мұнай нарығы үшін шешуші кезең болмақ. Аймақтағы кез келген әскери эскалация бағаның жаңа шегіне жол ашуы мүмкін.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→