2026 жылғы 1 наурызда жарияланған дерекке сәйкес, әңгіме «Мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыру және сақтау жөніндегі іс-шараларды іске асыру» атты бюджеттік бағдарлама туралы болып отыр. Жоба Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі тарапынан әзірленген.
Құжат «Ашық бюджеттер» порталы сайтында жарияланғанымен, бағдарламаның сипаттамасы, мазмұны, басқару деңгейі және іске асыру тәсілі «өте құпия» деп белгіленген.
Сонымен қатар аталған бюджеттік бағдарлама бойынша қарастырылған шығын көлемі де көрсетілмеген. Яғни, мемлекет қазынасынан қанша қаражат бөлінетіні туралы ақпарат ашық жарияланбаған.
Әзірге министрлік тарапынан бұл шешімге қатысты ресми түсіндірме берілген жоқ. Сарапшылар мұндай тәжірибе қоғамда ашықтық пен есептілік мәселесіне қатысты сұрақтар туындатуы мүмкін екенін айтады.