Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Мал шаруашылығы департаментінің директоры Бағлан Аймырзаев «24KZ» телеарнасындағы «ТҮЙІН» бағдарламасына берген сұхбатында мәлімдеді.
Спикердің айтуынша, аталған қаржы соңғы бес жыл ішінде бөлінген жалпы 2 трлн теңгенің шамамен 1 пайызына тең.
— Жақында аудит жүргізілді. Соның нәтижесінде 32 млрд теңгенің тиімсіз жұмсалғаны анықталды. Бұл — бөлінген қаражаттың 1 пайызы ғана. Жыл соңына дейін барлық ақпараттық жүйелерді біріктіруді жоспарлап отырмыз, — деді Бағлан Аймырзаев.
Сондай-ақ қазір Қазақстанда ет экспортына шектеу қойылған. Сыртқы нарыққа тек ішкі сұраныстан артылған көлем ғана шығарылып отыр. Үкімет бұл шешімді ішкі нарықтағы бағаны тұрақтандыру мақсатында қабылдаған.
2025 жылдың 31 желтоқсанында енгізілген квота 2026 жылдың 30 маусымына дейін күшінде болады.