Талғар қаласында жеті баланың әкесі қатыгездікпен өлтірілді. Қайғылы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, марқұмның жұбайы мен енесі күдікке ілінді.
Марқұмның отбасының адвокаты Асылбек Абдраимовтің айтуынша, жанжалға жылқыларды сату мәселесі себеп болуы мүмкін.
Оның сөзінше, әйел адам күйеуінің рұқсатынсыз оның жылқыларын сатып жіберген. Ер адам бұл жағдайға байланысты полицияға арыз түсірген. Осыдан кейін, болжам бойынша, әйел мен оның анасы ұйықтап жатқан ер адамға шабуыл жасап, оған 30-дан астам пышақ жарақатын салған.
Алматы облысының Полиция департаменті аталған дерек бойынша кісі өлтіру бабы негізінде қылмыстық іс қозғалғанын растады. Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған.
Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.