weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Қызылорда облысында халықты 49%-ы әйелдер

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында «Анаға тағзым» орталығында Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев әйел-аналармен кездесті,— деп хабарлайды  newsroom.kz

Қызылорда облысында халықты 49%-ы әйелдер
Фото:Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

«Мемлекет басшымыз Қасым-Жомарт Кемелұлы «Ананың аялы алақаны мен шексіз мейірімі әр үйге жылылық береді. Салт-дәстүріміз бен ана тіліміздің бүгінгі күнге жетуі де, ең алдымен, аналардың арқасы. Өмірдің мәні де, тіршіліктің сәні де – сіздер!» – деген болатын.
Өткен тарихымызға қарасақ, ел басына күн туғанда асыл аналарымыз бен аяулы аруларымыз қиындыққа мойымай, ұлт тағдырына араласты. Бала тәрбиесін ұлт тәрбиесі деп қараған дана халқымыз болашақ ұрпақты дүниеге әкеліп, бағып-қағып, қияға қанат қақтыратын аналарды ардақтай да, аялай да білген.
Бүгінде отбасы институтын, көпбалалы аналарды, кәсіпкер әйелдерді қолдау, гендерлік теңдікті қамтамасыз ету мемлекеттік саясаттың аса маңызды басымдығына айналды. Аймағымызда аналарды әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар нәтижелі іске асырылуда.
Сіздер тәуелсіз еліміздің дамуына зор үлес қосып, әрқашан парасаттың, мейірім пен ізгіліктің ұйытқысы болып келесіздер. Көктем мерекесі көңілдеріңізге шаттық сыйласын!» – деді Н.Нәлібаев.


Жиынға қатысушылар облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.
Бүгінде өңір халқының саны 845 135 болса, оның 419 819-ы, яғни 49,6%-ы – әйелдер, 185 мың қыз-келіншек қалалық жерде, 230 мыңнан астамы ауылда тұрады.

Мемлекеттің жүйелі қолдауының арқасында қыз-келіншектердің экономикадағы, саясат пен қоғамдық қызметтегі рөлі жыл өткен сайын артып келеді.

 

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→