Мәліметке сәйкес, әйел мұндай жаста жүкті болуға тұңғыш баласы қайтыс болғаннан кейін шешім қабылдаған. Оның 35 жастағы ұлы қатерлі ісік ауруынан көз жұмған.
Қытайлық әйелдің айтуынша, егер немерелері болғанда, ол екінші рет бала көтеруге батылы бармас еді. Алайда ұлы өмірден ерте кетіп, артында бала қалдырмаған.
Туыстары мен дәрігерлер әйелді мұндай қадамнан бас тартуға үгіттеген. Бірақ ол ешкімнің сөзін тыңдамаған.
«Мен тек балам қайта оралуы керек екенін сездім», – деп түсіндірді ол.