Жоба Ыстықкөл, Ош, Нарын және Жалал-Абад облыстарындағы 21 учаскені қамтиды. Инженерлік құрылыстар шамамен 12 мың тұрғын үйді, 10 мың гектар ауыл шаруашылығы жерін, сондай-ақ жолдар, көпірлер, электр желілері, мектептер мен балабақшаларды сел тасқындарынан қорғайды.
Құрылыс барысында дамбалар, бағыттаушы бөгеттер (шпоралар), тіреу қабырғалары және сел өткізу арналары салынады. Бұл нысандар сел ағынын бағыттап, оның күшін әлсіретіп, қирау қаупін азайтады.
Жұмыстар 2026 жылы Кугарт, Араван-Сай, Гүлча және Ат-Башы өзендерінде басталады. Атап айтқанда, «Жыгач-Коргон-1», «Жыгач-Коргон-2», Пахта-Төбе учаскелерінде, сондай-ақ Гүлча мен Оттук елді мекендерінде қорғаныс дамбалары салынады.