Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері Астанада ауа райы құбылмалы болады.
15 сәуірде күн ала бұлтты: күндіз жаңбыр жауып, кешке қарай қарға ұласуы мүмкін. Желдің екпіні 15–20 м/с дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде +4…+6, күндіз +7…+9 градус шамасында.
16 сәуірде күн суытады: түнде қар жауып, күндіз жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын күтіледі. Көктайғақ болуы ықтимал. Температура түнде -1…-3, күндіз +2…+4 градус болады.
17 сәуірде жауын-шашын тоқтайды, алайда жолдарда көктайғақ сақталуы мүмкін. Түнде -4…-6 градус, күндіз +6…+8 градусқа дейін жылиды.
Алматыда да ауа райы құбылмалы болады.
15 сәуірде күн жылы — +22…+24 градус, бірақ кешке қарай жаңбыр жауып, найзағай ойнап, жел күшейеді.
16 сәуірде ауа температурасы +17…+19 градусқа дейін төмендеп, жаңбыр мен найзағай күтіледі.
17 сәуірде жауын-шашын күшейеді: түнде нөсер жаңбыр жауады, күндіз де салқын әрі жаңбырлы ауа райы сақталады (+11…+13 градус).
Жалпы, Қазақстанның көптеген өңірлерінде ауа райы нашарлайды. Солтүстік аймақтарда ауа температурасы нөлден төмен түсіп, жаңбырдың қарға ауысуы мүмкін, бұл көктайғаққа әкеледі. Кей өңірлерде қатты жауын-шашын, екпінді жел мен бұршақ күтіледі.