weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

20 жыл бұрын термометр жұтқан: Қытайда ер адамның ішінен термометр табылды

Қытайда 32 жастағы ер адам ішінің ауыруына шағымданып ауруханаға жүгінген кезде, дәрігерлер оның жағдайының себебіне таңғалды,— деп хабарлайды newsroom.kz

20 жыл бұрын термометр жұтқан: Қытайда ер адамның ішінен термометр табылды

Тексеру барысында он екі елі ішектен бөгде зат — сынапты термометр табылды. Бұл термометрді ол 20 жыл бұрын жұтып қойған екен.

Термометрдің ұшы ішек қабырғасына тікелей қысым жасап тұрғандықтан, ішектің тесіліп кетуі және ауыр ішкі қан кету қаупі жоғары болған.

Кейін науқас 12 жасында абайсызда термометрді жұтып қойғанын, бірақ қорыққандықтан бұл туралы ата-анасына айтпағанын түсіндірген.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→