weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Мұраға жанашырлық: Қазақстанда ауқымды волонтерлік акция өтті

Мемлекет басшысының Халықаралық волонтерлер жылына орай көтерген бастамалары аясында елімізде «Мәдени мұраны бірге сақтайық» атты республикалық акция өтті,— деп хабарлайды newsroom.kz

Мұраға жанашырлық: Қазақстанда ауқымды волонтерлік акция өтті

Іс-шараны «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бағдарламасы мен «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде Қазақстанның Азаматтық альянсы ұйымдастырды.
Акция жыл сайын 18 сәуірде атап өтілетін Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күніне орай өтті.

Осы күні еліміздің барлық өңірінде тарихи-мәдени мұра нысандарын тазалауға және абаттандыруға бағытталған волонтерлік шаралар өткізілді. Сонымен қатар, ұлттық құндылықтарды сақтаудың маңызын ұғындырып, жұртшылықтың жауапкершілігін арттыру мақсатында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Акция Жамбыл облысындағы ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мұралар тізіміне енген «Ақыртас» сарай кешенінде басталды.
Акция нәтижесінде волонтерлік қозғалыстың өңірлердегі жұмыс жүйесі нығая түсті. Еліміздің барлық 20 өңірінде «Madenietti Mura волонтерлері» клубтары ашылып, олар тарихи-мәдени мұраны сақтау мен азаматтық белсенділікті арттыру бағытында тұрақты түрде жұмыс жүргізетін болады.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→