Мәліметтерге сәйкес, КДР-дың шығысындағы Итури, Солтүстік Киву және Оңтүстік Киву провинцияларында вирус жұқтырудың 867 күмәнді жағдайы тіркелген. Оның ішінде 91 адамның вирус жұқтырғаны зертханалық түрде расталып, 10 адам қайтыс болғаны нақтыланды.
Еске салайық, бұған дейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Эбола індетінің таралуын халықаралық маңызы бар төтенше жағдай деп жариялаған болатын.