Reuters агенттігінің мәліметінше, Зеленский Ақ үйде бір сағаттан астам уақыт болып, кейін Капитолийге аттанған. Онда оның АҚШ Сенатының барлық 100 мүшесімен кездесуі жоспарланған.
Кейін Украина президенті Telegram-арнасында келіссөздің нәтижесіне тоқталды. Оның айтуынша, тараптар Patriot әуе қорғанысы жүйесіне арналған зымырандарды ұстап қалатын оқ-дәрілерді өндіруге лицензия беру мүмкіндігін және Украина қорғанысын күшейтуге бағытталған өзге де бастамаларды талқылаған. Сонымен қатар дипломатиялық жолмен соғысты реттеу мәселесі де сөз болған.
«Біздің командалар алдағы өзара іс-қимылдың нақты тетіктерін келіседі», – деп жазды Зеленский.
Осыдан кейін Дональд Трамптың күн тәртібінде Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхумен кездесу жоспарланған. Бұл кездесулер Украинадағы соғыс пен Таяу Шығыстағы ахуалдың шиеленіскен кезеңіне тұспа-тұс келіп отыр.