weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Әлеуметтік желідегі таныстық: Ақтөбеде оқушыға қатысты іс тергеліп жатыр

Ақтөбеде ересек ер адамның жоғары сынып оқушысымен интимдік байланысына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Полиция әзірге қылмыстық істің нақты қай бап бойынша сараланып жатқанын жариялаған жоқ, деп хабарлайды Newsroom.kz.
 

Әлеуметтік желідегі таныстық: Ақтөбеде оқушыға қатысты іс тергеліп жатыр
Фото: Ашық деректер көзі

Бұған дейін ақпарат әлеуметтік желілерде және бірқатар БАҚ-та тараған. Мәлімет бойынша, ересек ер адам жасөспіріммен әлеуметтік желі арқылы танысқан. Хабарламаларда ер адамның переписка кезінде өзінің нақты жасын жасырып, өзін әлдеқайда жас етіп көрсеткені айтылады.

Кейін олардың интернеттегі қарым-қатынасы жеке кездесулерге ұласқан. БАҚ-та тараған ақпаратқа сәйкес, жасөспірімнен кейін медициналық көмек қажет болып, ол ауруханаға жатқызылған. Кей деректерде оның денсаулығына байланысты ауыр инфекция анықталғаны айтылған. Бұл мәліметтердің мән-жайын тергеу барысында анықтау көзделеді. 

Ақтөбе қалалық полиция басқармасы бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын растады.

«Барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілгеннен кейін процессуалдық шешім қабылданады», – деп хабарлады полиция.

Құқық қорғау органдары тергеудің өзге де мән-жайларын жария етпейді. Полиция мұны ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабымен түсіндірді. 

Бұған дейін Kazinform жазғандай, жасөспірім интернетте өзін құрдасы ретінде таныстырған адаммен сөйлескен, кейін оның шын мәнінде 40 жастағы ер адам екені анықталған. Алайда қазіргі тергеу аясында істің нақты құқықтық саралануы полиция тарапынан әзірге жарияланған жоқ. 

Маңызды: қазіргі уақытта бұл іс бойынша тергеу жалғасып жатыр. Сондықтан ер адамның кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен ғана анықталады.
 

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→