weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Баннер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Ұлттық теледебат: Құрылтайдан үмітті саяси партиялар тікелей эфирде бақ сынасты

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен елімізде ауқымды саяси реформалар жүзеге асып жатыр. Сол өзгерістердің, Конституциялық жаңарулар аясында Құрылтай сайлауы 23 тамызға белгіленіп отыр,— деп хабарлайды newsroom.kz

Ұлттық теледебат: Құрылтайдан үмітті саяси партиялар тікелей эфирде бақ сынасты

Құрылтай сайлауы қарсаңында «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясының ұйымдастыруымен Алматы қаласындағы жаңа медиакешенде сайлауға қатысатын саяси партиялар арасындағы Ұлттық теледебат өтті.

Кімдер қатысты? 

Пікірсайысқа «Әділет», «Ауыл», Respublica, Қазақстан Халық партиясы, «Байтақ», «Ақжол» және Жалпыұлттық социал-демократиялық партияларының өкілдері қатысты. 

Теледебат 5 кезеңнен тұрды. Алғашқы кезеңде партия өкілдері өздерінің сайлауалды бағдарламаларының негізгі бағыттарын таныстырып, Құрылтай сайлауына қандай мақсатпен қатысып отырғанын және сайлаушыларға ұсынатын бастамаларын баяндады.

ІІ кезеңде барлық қатысушыға ортақ екі сұрақ қойылып, партиялар адам капиталын дамытуға қатысты көзқарастары мен бағдарламалық ұстанымдарын ортаға салды.

Дауыс беру қорытындысы қандай? 

Теледебат барысында көрермендер экрандағы QR-код арқылы онлайн сауалнамаға қатысып, пікірсайысқа қатысқан партия өкілдерінің өнер көрсетуіне баға берген еді. Тікелей эфир соңында дауыс беру қорытындысы жарияланды. Барлығы 21334 адам дауыс берді. Оның ішінде «Әділет» – 67,1%, ЖСДП – 2,2%, «Байтақ» – 2,1%, ҚХП – 8,2%,  «Ауыл» – 5,4%, «Ақ жол» – 9,9%, Reslublica – 4,3%, ешқайсысы ұнамады  – 0,8% болды.

Айта кетелік, Ұлттық теледебат Қазақстан Республикасы сайлау заңнамасының талаптарына сәйкес ұйымдастырылып, тікелей эфирде көрсетілді. Пікірсайыстан кейін теледебаттың қорытындылары мен көтерілген мәселелер саяси сарапшылардың қатысуымен «Qazaqstan» телеарнасының «Ашық алаң» бағдарламасында талқыланды.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→