weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Баннер
Бүгін, 07:43 / Перизат Ілес / Әлем
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Жапониядағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 18 адамға жетті

Жапонияның оңтүстік-батысында 28 шілдеде болған күшті жер сілкінісі салдарынан қаза тапқандар саны 18 адамға жетті. Бұл туралы Associated Press агенттігіне сілтеме жасаған «Интерфакс» мәлімдеді,— деп хабарлайды newsroom.kz

Жапониядағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 18 адамға жетті

Бұған дейін 13 адамның қаза тапқаны туралы ақпарат жарияланған болатын.

Сондай-ақ, кемінде 62 адам жарақат алған, олардың алтауы ауыр халде.

Қазіргі уақытта құтқарушылар мен әскери қызметкерлер іздестіру-құтқару жұмыстарын жалғастырып жатыр. Осыған байланысты қаза тапқандар саны әлі де артуы мүмкін екені жоққа шығарылмайды.

Жер сілкінісінен кейін Жапонияда шамамен 40 мың тұтынушы жарықсыз қалды. Сонымен қатар, 9,5 мыңнан астам тұрғын үйде газ және байланыс қызметі тоқтаған.

Сондай-ақ, 9 мыңнан астам адам үйлерін тастап, уақытша орналастыру орталықтарына көшірілді.

Еске салсақ, сейсмологтар Кумамото префектурасында магнитудасы 7,1 болатын жер сілкінісін тіркеді. Жерасты дүмпулері Уки және Кикава қалаларында қатты сезілді.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→