weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Баннер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Алматы хайуанаттар бағындағы Фидель 40 жасқа толды

Алматы хайуанаттар бағының ең танымал тұрғындарының бірі – кубалық қолтырауын Фидель 40 жылдық мерейтойын атап өтті. Осыған орай оған арнайы сиыр етінен дайындалған мерекелік «торт» ұсынылды, деп хабарлайды Newsroom.kz

Алматы хайуанаттар бағындағы Фидель 40 жасқа толды
Фото: tengrinews

Алматы хайуанаттар бағында өмір сүріп жатқан кубалық қолтырауын Фидель биыл 40 жасқа толды. Зообақ қызметкерлерінің айтуынша, бұл оның өміріндегі маңызды белес болғанымен, мұндай қолтырауындар дұрыс күтім жасалған жағдайда бұдан да ұзақ өмір сүре алады.

Фидель Қазақстанға осыдан 25 жыл бұрын Рига қаласынан әкелінген. Содан бері ол Алматы хайуанаттар бағының ең белгілі жануарларының біріне айналған.

Мамандардың мәліметінше, кубалық қолтырауындардың ас қорыту жүйесі баяу жұмыс істейтіндіктен, Фидельге аптасына бір рет қана азық беріледі. Бұл оның табиғи физиологиялық ерекшелігіне байланысты.

Мерейтой құрметіне зообақ қызметкерлері қолтырауынға ерекше сый әзірлеп, сиыр етінен жасалған арнайы «тортпен» тамақтандырды. Зообақтағылар Фидельдің денсаулығы жақсы екенін және келушілерді әлі талай жыл қуантатынына сенімді екенін атап өтті.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→