weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Баннер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Ауғанстанда жеке үйдің бақшасынан салмағы 500 келілік кеңестік бомба табылды

Ауғанстанның шығыс бөлігінде жеке үйдің бақшасынан салмағы шамамен 500 келі болатын кеңестік кезеңнен қалған жарылмай қалған әуе бомбасы табылды. Жарылғыш зат саперлердің көмегімен залалсыздандырылды,— деп хабарлайды newsroom.kz порталы armiya.az сайтына сілтеме жасап.

Ауғанстанда жеке үйдің бақшасынан салмағы 500 келілік кеңестік бомба табылды

Сәрсенбі күні Ғазни провинциясының Сир ауылында жергілікті тұрғын күдікті затты байқап қалған. Оқиға орнына қауіпсіздік күштері мен Данияның Босқындар жөніндегі кеңесінің минадан тазарту жөніндегі мамандары келген.

Провинция полициясының өкілі Халид Сархади: «Кеңестік кезеңге тиесілі, салмағы 500 келі болатын бомба табылып, таулы аймаққа жеткізілді және қауіпсіз түрде жойылды», – деп мәлімдеді.

Кеңес әскерлері Ауғанстаннан он жылға жуық уақытқа созылған әскери науқаннан кейін 1989 жылы шығарылды. Алайда одан кейінгі бірнеше онжылдыққа созылған қақтығыстар ел аумағында көптеген мина мен жарылмай қалған оқ-дәрілердің қалуына себеп болды.

БҰҰ-ның Минадан тазарту қызметінің мәліметінше, кеңес әскерлері шығарылғаннан бері Ауғанстанда соғыстан қалған жарылғыш заттар мен миналардың салдарынан 45 мыңнан астам адам қаза тауып немесе жарақат алған.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→