weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Баннер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Қазақстан eGov бойынша әлемде 24-орынға көтерілді

Қазақстан электронды үкіметтің даму деңгейі бойынша әлемнің үздік 25 елінің қатарына кірді. БҰҰ-ның E-Government Survey 2024 есебінде Қазақстан 193 елдің ішінде 24-орынға ие болды. Бұл туралы Newsroom.kz хабарлайды.

Қазақстан eGov бойынша әлемде 24-орынға көтерілді
Фото: Ашық деректер көзі

Ел 2022 жылғы рейтингпен салыстырғанда төрт сатыға көтерілген. Қазақстанның электронды үкіметінің даму индексі 0,9009-ды құрап, мемлекеттер арасында «өте жоғары» деңгейдегі елдер тобына енді.

 Қазақстан бұдан бөлек онлайн мемлекеттік қызметтер индексінде әлемде 10-орын алды. Бұл көрсеткіш бойынша ел Оңтүстік Корея, Дания және Эстония секілді цифрландыру көшбасшыларымен қатар тұр.

 2026 жылғы дерек бойынша, 2025 жылдан бері қазақстандықтарға 50 млн-нан астам мемлекеттік қызмет көрсетіліп, оның 90 пайыздан астамы электронды форматта ұсынылған. Сонымен қатар 39 цифрлық құжат енгізіліп, олар қағаз нұсқасын алмастыра алады.

 БҰҰ рейтингі электронды үкіметті тек онлайн қызметтермен ғана емес, телекоммуникациялық инфрақұрылым және адами капиталмен бірге бағалайды. Осы көрсеткіштер бойынша Қазақстан цифрлық мемлекеттік басқару саласында аймақтағы көшбасшылардың біріне айналып отыр.

 Қазақстанның бұл нәтижесі елдегі мемлекеттік қызметтердің біртіндеп онлайн форматқа көшіп, азаматтардың құжат рәсімдеу, анықтама алу және түрлі өтініштерді қашықтан беру мүмкіндіктерінің кеңейіп келе жатқанын көрсетеді.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→