Ұсыныстың негізгі мәні – сақтандыру бағасын жүргізушінің нақты жолдағы тәртібіне қарай қалыптастыру. Ол үшін сақтандыру жағдайларының жиілігі мен ауырлығы, сақтанушының мінез-құлқы және өңірлік ерекшеліктер ескерілуі
Яғни болашақта жолда өзін қауіпсіз ұстайтын, апатқа сирек ұшырайтын жүргізушілер үшін полис арзандауы, ал тәуекелі жоғары жүргізушілер үшін қымбаттауы мүмкін.
Алайда бұл әзірге ұсыныс деңгейіндегі өзгеріс. Нақты тарифтер мен жаңа есептеу тәртібі әлі бекітілген жоқ.
Сақтандыру саласын реформалау Мемлекет басшысының 2026 жылғы 10 ақпандағы тапсырмасынан кейін басталды. Агенттікке 2030 жылға дейінгі саланы дамыту бағдарламасын және жаңа «Сақтандыру қызметі туралы» заң жобасын әзірлеу тапсырылған.
Айта кетейік, автосақтандыруда тәуекелге негізделген жекелеген есептеу тетіктері қазірдің өзінде бар. Мысалы, 2026 жылға міндетті автосақтандыру сыйлықақысын есептеуге қолданылатын бірқатар коэффициенттер бекітілген.