weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Баннер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

«Медеуде» көлік қою арзандамақ

Алматыдағы «Медеу» биік таулы спорт кешенінің маңындағы автотұрақ тарифі өзгерді. Енді келушілер үшін алғашқы 15 минут тегін, ал көлікті тәулік бойы қою құны бұрынғыдан едәуір төмен болады. Бұл туралы Newsroom.kz хабарлайды.

«Медеуде» көлік қою арзандамақ
Фото: Ашық деректер көзі

Қазақстанның Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі «Медеу» кешені маңындағы автотұрақ қызметінің бағасына талдау жүргізген.

Тексеру барысында тұрақ операторы Chimbulak Development компаниясының нарықтағы жағдайын теріс пайдалану белгілері анықталған.

Бұған дейін автотұрақта бірыңғай тариф белгіленіп, көлік қоюдың алғашқы минуттары үшін тегін уақыт қарастырылмаған. Сағатына 500 теңге тарифімен 12 сағатқа тұраққа қою құны 6 мың теңгеге, ал тәулігіне 12 мың теңгеге дейін жеткен.

Агенттік компанияға тиісті ескерту жолдағаннан кейін автотұрақ тарифтері қайта қаралған.

1 қыркүйектен бастап алғашқы 15 минут көлік қою тегін болады. Ал тәуліктік тұрақтың ең жоғары құны 4 500 теңге болып белгіленеді.

Осылайша, жаңа тариф бойынша көлігін ұзақ уақытқа қалдыратын келушілер бұрынғыдай тәулігіне 12 мың теңге емес, ең көбі 4,5 мың теңге төлейді.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→