Бағдарламаға қатысушылар баспананы Қазақстанның кез келген қаласынан сатып ала алады. Бұл ретте тұрғылықты жер бойынша тіркеудің болуы маңызды емес. Сондай-ақ қатысушының атында басқа жылжымайтын мүліктің болуы бағдарламаға қатысуға кедергі болмайды.
Ипотекалық бағдарламада бастапқы жарнаның төмендетілген мөлшері қарастырылған. Алайда оның нақты көлемі, пайыздық мөлшерлеме, табысқа қойылатын талаптар және несие сомасының шекті мөлшері әзірге жарияланған жоқ.
Бағдарламаны қаржыландыруға Азия даму банкі қатысады. Қаражат банкке кезең-кезеңімен аударылады. Алғашқы 9 млрд теңге көлеміндегі транш «Отбасы банкке» аударылған.
Банк басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимованың айтуынша, бағдарламаның алғашқы үш жылында 3 600-ден астам қазақстандық әйел баспаналы болған.
«Ұмай» бағдарламасына өтінім қабылдау 31 тамызда басталады. Бағдарламаның нақты шарттары мен несие беру талаптары банк тарапынан қосымша жарияланады.