weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Оқушылардың үш ауысымда оқу мәселесі қашан шешіледі?

Қазақстанда оқушылардың екі және үш ауысымда білім алу мәселесін шешу жұмыстары жалғасып жатыр. Биыл елімізде оқушы орындарының тапшылығын азайтуға бағытталған 101 мектептің құрылысы жүргізілуде. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды, деп хабарлайды Newsroom.kz.

Оқушылардың үш ауысымда оқу мәселесі қашан шешіледі?
Фото: Ашық деректер көзі

Білім беру саласының өкілдерінің мәліметінше, 2019 жылы Қазақстанда үш ауысымда оқытатын 183 мектеп болса, бүгінде олардың саны 48-ге дейін қысқарған.
 Newsroom.kz тілшісі жыл сайын оқу жылының басталуына дейін мектептердің дайындығы айтылғанымен, бірқатар өңірде мектептердің шамадан тыс толуы және балалардың екі-үш ауысымда оқуы мәселесі сақталып отырғанын айтып, биыл бұл бағытта қандай өзгеріс бар және жаңа оқу жылына дайындық қаншалықты жүргізілді? деген сауалына ҚР Оқу-ағарту министрлігінің бірінші вице-министрі Шынар Ақпарова: 

«Биыл 101 мектеп салынып жатыр. Бұл мектеп тапшылығын 59,3 пайызға азайтуға бағытталған. Оның ішінде 13 мектеп толықтай үш ауысымнан босатылады. Кезең-кезеңімен осындай мектептерді азайту жұмыстары жүргізіліп жатыр», – деп жауап берді.

Сонымен қатар биыл 59,3 мың балаға арналған 101 жаңа мектептің құрылысы жүріп жатыр. Жыл соңына дейін оның 72-сін аяқтау жоспарланған. Бұл мектептерде 38,2 мың балаға қосымша орын ашылады. Бұдан бөлек, жалпы 117 мың балаға арналған 178 мектепте күрделі жөндеу жүргізілуде. Оның 91-і ауылдық, 87-сі қалалық мектеп. 1 қыркүйекке дейін 106 мектептегі жөндеу жұмыстарын аяқтау жоспарланған.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→