weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Ресейліктер Қазақстанға кіру үшін ақша төлей ме? Жаңа талап енгізілмек

Қазақстанға шетел азаматтарының кіру тәртібі өзгермек. 2026 жылғы 30 қарашадан бастап Ресей азаматтары елге кіру үшін электронды рұқсат рәсімдеуі қажет болуы мүмкін, деп хабарлайды Newsroom.kz Царьградқп сілтеме жасап.

Ресейліктер Қазақстанға кіру үшін ақша төлей ме? Жаңа талап енгізілмек
Фото: Жасанды интеллект

Жаңа жүйе ETA – электронды кіруге рұқсат форматында енгізіледі. Алдын ала, кемінде 72 сағат бұрын өтініш берген жағдайда төлем шамамен 3 900 теңге (725 рубль) болады деген ақпарат тарады. Ал рұқсатты шекарада немесе сапарға аз уақыт қалғанда рәсімдеу құны жоғары болуы мүмкін.

Бұл өзгеріс Қазақстан мен Ресей арасындағы визасыз режимнің жойылатынын білдірмейді. Яғни Ресей азаматтары үшін виза талап етілмейді, алайда елге кіру алдында электронды рұқсат алу қажеттілігі енгізілуі мүмкін.

Жаңа тәртіп шекарадан өтудің әртүрлі түрлеріне кезең-кезеңімен енгізіледі деп күтілуде. Алайда электронды рұқсаттың нақты құны мен оны рәсімдеу тәртібі бойынша Қазақстанның уәкілетті органдарының түпкілікті түсіндірмесі қажет.

Сондықтан әлеуметтік желілерде тараған «30 қарашадан бастап ресейліктер Қазақстанға әр кірген сайын 725 рубль төлейді» деген ақпаратты әзірге толық расталған дерек ретінде қабылдауға болмайды. 

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→