weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Apple 18 Pro және Pro Max смартфондарын таныстырды

Apple компаниясы жаңа iPhone 18 Pro және iPhone 18 Pro Max смартфондарын таныстырды. Презентация 9 қыркүйекте өтіп, компания жаңа құрылғыларымен бірге алғашқы бүктелмелі iPhone моделін де көрсетті, деп хабарлайды Newsroom.kz.
 

Apple 18 Pro және Pro Max смартфондарын таныстырды
Фото: Apple.com

Жаңа iPhone 18 Pro желісі A20 Pro чипімен жабдықталған. Apple мәліметінше, процессор 2 нанометрлік технологиямен жасалған және жасанды интеллект тапсырмаларын өңдеуге арналған Neural Engine жүйесі жаңартылған. 

Смартфондардың негізгі камерасы да жаңарды. 48 МП камераға ауыспалы диафрагма қосылған. Бұл функция жарық жағдайына қарай объективтің параметрлерін өзгертуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ пайдаланушыларға ысырма жылдамдығы, ақ баланс және фокус сияқты параметрлерді қолмен басқаруға мүмкіндік беретін Pro Controls функциясы ұсынылды. 

Компания Dynamic Island аймағын да ықшамдаған. Енді ол бір уақытта үш Live Activity ақпаратын көрсетуге мүмкіндік береді.

iPhone 18 Pro төрт түсте ұсынылады: қара, күміс,суық ашық көкшіл-сұр және қою шарап түсті.

АҚШ-та iPhone 18 Pro бағасы 1199 доллардан, ал iPhone 18 Pro Max 1299 доллардан басталады. Алдын ала тапсырыс 12 қыркүйекте басталып, сатылым 18 қыркүйекте ашылады. 

Айта кетейік, Apple бұл жолы базалық iPhone 18 моделін таныстырған жоқ. Оның тұсаукесері 2027 жылдың көктеміне қалдырылуы мүмкін. 

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→