weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Бүгін, 11:00 / Admin / Аймақтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Қызылордада Отбасы күні қарсаңында тағылымды кездесу өтті

Қызылорда облысында Отбасы күні қарсаңында «Отбасы орталығында» өнегелі отбасылар мен жас шаңырақ иелерінің қатысуымен кездесу өтті, деп хабарлайды Newsroom.kz.
 

Қызылордада Отбасы күні қарсаңында тағылымды кездесу өтті
Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Іс-шараға облыс әкімі Мұрат Ергешбаев қатысып, «Гауһар той», «Алтын той», «Лағыл той», «Інжу той» және «Күміс той» белестеріне жеткен отбасылармен жүздесті.

Кездесуде отбасы құндылықтарын дәріптеу, бала тәрбиесі, ерлі-зайыптылар арасындағы сыйластық пен ұрпақ сабақтастығы мәселелері сөз болды.

«Шаңырақтың беріктігін сақтап, сыйластық пен мейірімділікті өмір өзегіне айналдырған барша отбасыларға шынайы ризашылығымды білдіремін», – деді Мұрат Ергешбаев.

Жиында ауыл шаруашылығы саласының ардагері, алты бала, 24 немере және төрт шөбере тәрбиелеп отырған, «Алтын тойға» жеткен Шындалы Әбдіраманов отбасы берекесі мен бала тәрбиесі туралы ойымен бөлісті.

Сондай-ақ бес баланың анасы, сегіз немеренің әжесі Мархабат Шынарбаева ұрпақ сабақтастығы жөнінде пікір білдірді. Жас отбасылар атынан Алтынбек Ләзи сөз сөйлеп, өзара түсіністік пен жауапкершіліктің маңызын атап өтті.

Іс-шара соңында қатысушыларға облыс әкімінің құттықтау хаттары, сыйлықтар мен гүл шоқтары табысталды.

Бүгінде Қызылорда облысында 141 мыңнан астам отбасы бар. Оның 48 мыңнан астамы – көпбалалы отбасылар. Соңғы төрт жылда тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға 8 мыңға жуық пәтер берілген. Ал 2026–2027 жылдары 6200-ден астам пәтер табысталып, шамамен 25 мың тұрғынның баспана мәселесін шешу жоспарланған.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→