weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Бүгін, 14:07 / Admin / Аймақтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Қарағандыда 1000 шаршы метр аумақта өрт шықты

Қарағандының Пришахтинск ауданында ашық аумақта ірі өрт шықты. Жалын ағаш, бұта, құрғақ шөп, қоқыс және жылу трассасының жылу оқшаулағышын шарпыған. Өрттің жалпы аумағы шамамен 1000 шаршы метрді құрады.Бұл туралы Newsroom.kz Ekaraganda мәліметіне сүйеніп хабарлайды.
 

Қарағандыда 1000 шаршы метр аумақта өрт шықты
Фото: olegv0513

Төтенше жағдай туралы хабарлама 10 қыркүйек күні сағат 16:53-те Фрунзе көшесі маңынан түскен. Құтқарушылар келген кезде жалын бірнеше учаскеге таралып, өсімдіктер мен қоқыс қатар жанған.

Өртті сөндіруге Төтенше жағдайлар департаментінің 28 қызметкері мен төрт техникасы жұмылдырылды. Сонымен қатар жергілікті атқарушы органдардан екі адам және екі техника көмек көрсетті.

Құтқарушылар жалынды шамамен бір жарым сағатта ауыздықтады. Өрт сағат 18:22-де толық сөндірілді.

Төтенше жағдай салдарынан зардап шеккендер жоқ.

Құтқарушылар ашық аумақта от жағу және сөндірілмеген темекі тұқылын тастау өртке әкелуі мүмкін екенін ескертті. Өрт байқалған жағдайда дереу 112 нөміріне хабарлау қажет.
 

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→