Рыбакина рейтингтегі бірінші орынды бұған дейін 99 апта бойы көш бастаған Беларусь өкілі Арина Соболенконың орнына иеленді. Қазақстандық спортшы әлемдік рейтингтің шыңына алғаш рет көтеріліп отыр.
Бұл жетістікке Рыбакина US Open турнирінде де ерекше нәтижемен жетті. Ол финалда Арина Собаленконы 6:4, 5:7, 6:2 есебімен жеңіп, Нью-Йорктегі алғашқы чемпиондық атағын иеленді. Бұл — қазақстандық теннисшінің мансабындағы үшінші Grand Slam титулы.
Биыл Рыбакина Australian Open турнирінде де чемпион атанып, финалда тағы да Соболенконы жеңген болатын. Осылайша, 2026 жылы қазақстандық спортшы екі ірі хард-корт турнирінде қатарынан жеңіске жетті.
Айта кетейік, Рыбакина бұған дейін әлемдік рейтингте ең жоғары көрсеткіш ретінде екінші орынға көтерілген еді. Енді ол Қазақстан тарихында әйелдер арасындағы әлемдік рейтингте №1 болған алғашқы теннисші атанды.