Оқиға Жиенбаев және Ташкент көшелерінің қиылысында болған. Ер адам жаяу жүргіншілер өткеліне шығып, өзін көлік қағып кеткендей көрсеткен.
Ол жүргізушілерге жарақат алғанын айтып, емделуге өтемақы талап еткен. Жүргізушілердің бірі оның сөзіне сеніп, ер адамға 250 мың теңге аударған. Кейін тағы бір жүргізушіден 200 мың теңге алған.
Осылайша ер адам жалған қойылым арқылы жалпы 450 мың теңге иемденген.
Алайда оның әрекеті ұзаққа созылмаған. Жүргізушілердің бірі жағдайға күмән келтіріп, полицияға жүгінген. Тексеру барысында ер адамның алдау тәсілі әшкереленді.
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайын анықтауда.
Полиция азаматтарды жолдағы күмәнді жағдайларға сақтықпен қарап, ақша аудармас бұрын ақпаратты тексеруге шақырады.