weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Бүгін, 15:00 / Жасмина Нурлан / Қаржы
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Ақтөбеде бюджет қаржысының заңсыз жұмсалғаны анықталды

Ақтөбе қаласында мемлекеттік сатып алу саласындағы заңбұзушылықтар анықталып, жосықсыз мердігерлерден мемлекет пайдасына 1,3 млрд теңгеден астам қаражат өндірілді. Бұл туралы Newsroom.kz хабарлайды.
 

Ақтөбеде бюджет қаржысының заңсыз жұмсалғаны анықталды
Фото: Ашық деректер көзі

Ақтөбе қаласының прокуратурасы жүргізген тексеру барысында инфрақұрылымдық жобалар бойынша келісімшарт талаптарын орындамаған мердігерлерге қатысты тиісті шаралар қабылданбағаны анықталды.

Атап айтқанда, тапсырыс берушілер шарттардың орындалуын қамтамасыз етуге арналған сомалар мен берілген аванстарды жосықсыз мердігерлерден өндіріп алу бойынша шаралар қолданбаған.

Сонымен қатар қаланы абаттандыруға арналған арнайы техника сатып алу кезінде бюджет қаражатының 556 млн теңгеден астамы артық төленгені белгілі болды.

Тексеру қорытындысы бойынша мемлекет пайдасына 1,3 млрд теңгеден астам қаражат өндірілді. Заңбұзушылықтарға жол берген лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
 

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→

Біздің cеріктестер