weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Әлеуметтік көмек тек мұқтаж жандарға көрсетілуі керек

Әлеуметтік көмек шын мәнінде мұқтаж азаматтарға ғана көрсетілуі керек. Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектенов айтты, деп хабарлайды Newsroom.kz.

Әлеуметтік көмек тек мұқтаж жандарға көрсетілуі керек
Фото: Ашық дереккөз

Үкімет басшысы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 19 қыркүйекте «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы барысында берген тапсырмаларын орындау мәселелері жөнінде кеңес өткізді.

Жиында Премьер-министр Президент тапсырмаларын іске асыру бойынша жауапты министрліктердің есептерін тыңдады.

Олжас Бектенов мемлекет әлеуметтік міндеттемелерін толық орындап келе жатқанын атап өтті. Сонымен қатар әлеуметтік қолдаудың нақты мұқтаж адамдарға бағытталуына баса мән беру қажет екенін айтты.

«Министрлер мен әкімдер көрсетілген барлық бағыттар бойынша ауқымды жұмыс жүргізуі тиіс. Азаматтарға көрсетілетін көмектің түрлері туралы кеңінен ақпарат берілуі қажет. Өңірлерде әкімдіктер әлеуметтік жәрдемақы алушылар арасында түсіндіру жұмыстарын күшейтуі керек», – деді Премьер-министр.

 

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→