weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

⁠2027 жылдан бастап әлеуметтік көмек алушыларға жаңа талаптар қойылады

Қазақстанда 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап әлеуметтік көмек тағайындау кезінде азаматтардың нақты мұқтаждығын бағалау тәртібі кезең-кезеңімен енгізіледі. Алғашқы кезеңде табысы жоғары және ауқатты азаматтарға қатысты пилоттық жоба жүзеге асырылады. Бұл туралы Newsroom.kz хабарлайды.
 

⁠2027 жылдан бастап әлеуметтік көмек алушыларға жаңа талаптар қойылады
Фото: Ашық деректер көзі

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, жаңа тәсіл 29 қазанда Үкімет отырысында таныстырылған. Пилоттық жоба екі кезеңнен тұрады. 2027 жылғы қаңтар-ақпан айларында табысы жоғары азаматтар, ал ақпан-сәуір аралығында ауқатты азаматтар тексеріледі. Жоба қорытындысы бойынша Үкімет жаңа тәртіпті одан әрі кеңейту туралы шешім қабылдайды.

Министрлік өкілдерінің айтуынша, негізгі мақсат — мемлекеттік көмекті оған шын мәнінде мұқтаж азаматтарға бағыттау.

Осыған байланысты отбасының әлеуметтік әл-ауқатын бағалау әдістемесі де жетілдірілген. Енді азаматтардың табысы мен несиелері, соның ішінде ипотекалық қарыздары, автокөлігі мен ауыл шаруашылығы техникасының болуы және жағдайы ескеріледі. Сонымен қатар отбасының күнделікті шығындары, жалғыз асыраушының болуы және жалғыз баспанасы бар-жоғы назарға алынады.

Ал жеке кәсіпкер ретінде тіркелу, заңды тұлғаның болуы, шағын жер учаскелері мен жеке қосалқы шаруашылықтың болуы әлеуметтік әл-ауқатты бағалау кезінде есепке алынбайды.

Бұдан бөлек, желтоқсан айында Отбасының цифрлық картасын екінші деңгейлі банктердің ақпараттық жүйелерімен байланыстыру жоспарланып отыр. Бұл әлеуметтік көмек тағайындау кезінде отбасының қаржылық жағдайын бағалау тетіктерін жетілдіруге мүмкіндік береді.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→

Біздің cеріктестер