Реклама
weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Бозымбаев Ақтауға екінші рет аттанды

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Маңғыстау облысына жолға шықты. Ол Каспий теңізіндегі әскери оқу-жаттығу кезінде әскери қызметшілердің қаза болуына байланысты құрылған үкіметтік комиссияны басқарады. Бұл туралы Newsroom.kz хабарлайды.
 

Бозымбаев Ақтауға екінші рет аттанды
Фото: Астана тв

Үкіметтің мәліметінше, комиссия құрамына Қорғаныс министрі, Маңғыстау облысының әкімі, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Төтенше жағдайлар, Денсаулық сақтау және Көлік министрліктерінің өкілдері, Бас әскери прокурор мен Шекара қызметінің өкілдері кірді.

Премьер-министр Олжас Бектенов Қанат Бозымбаевқа оқиға орнына шұғыл барып, әскери қызметшілердің қаза болу себептері мен мән-жайын жан-жақты тергеп-тексеруді, сондай-ақ қаза болғандардың отбасыларына қажетті көмек көрсетуді тапсырды. 

Еске салайық, 24 қыркүйекте Маңғыстау облысында әскери-теңіз күштерінің оқу-жаттығуы кезінде ауа райының күрт нашарлап, желдің күшеюіне байланысты 19 әскери қызметші теңізге кеткен. Алдын ала мәлімет бойынша, олардың тоғызы қаза болды, үшеуі құтқарылды. Қалғандарын іздеу жұмыстары жалғасып жатыр. 

Бұған қоса, әскери қызметшілердің қазасына байланысты қылмыстық іс қозғалып, жедел-тергеу тобы құрылды.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→